1-бөлік. Инновациялар үшін білім қорын дамыту.

Бұл бөліктің мақсаты жоғары сапалы, ел үшін өзекті ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді және 2-бөлік  "Инновациялық консорциумдар" және 3-бөлік "Технологияларды коммерцияландыру циклін шоғырландыру" үшін дамыған адами капитал мен мәмілелер ағынын қамтамасыз ету болып табылады.

1.1-бөлік - Аға Ғылыми Қызметкерлер Топтары және Кіші Ғылыми Қызметкерлер Топтары үшін Гранттар.

АҒҚТ және КҒҚТ Грант бағдарламасының мақсаты қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен кәсіпкерлердің пәнаралық командаларына ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын өзге де мекемелерінің ҒЗТКЖ перспективалы нәтижелерін коммерцияландыруда қолдау көрсету болып табылады.  Бағдарлама өндіріспен, отандық және жаһандық нарықтармен байланыстарды нығайтуға бағытталған ғылымның басым бағыттары бойынша отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруды ынталандыруға бағытталған. Бағдарлама белсенді халықаралық ынтымақтастықты қолдайды.

Гранттың түрлері мен максималды сомалары мынадай:

- АҒҚТ гранты: 230 000 000 (екі жүз отыз миллион) теңге;

- КҒҚТ гранты:  180 000 000 (жүз сексен миллион) теңге.

Әрбір топтың қаржыландыру көлемі ұсынылатын жұмыстардың көлемі, ғылыми пән және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады.  Сұралған қаражат көлемі ХҒКК алдында презентация түрінде қорғалады және негізделеді.  Топтар келісілген жүзеге асыру кезеңдерінің табысты өтуімен байланысты үш жылға дейін қаржыландыру алады.

1.2-кіші бөлігі. Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға арналған гранттар. 

Бұл кіші бөліктің мақсаты - Қазақстан Республикасының кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау саласындағы өндірістік және инновациялық әлеуетін арттыру үшін әлемнің жетекші білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдарының әлеуетін пайдалану, сондай-ақ, бірлеске ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу.

Міндеттері:

1. ғылым және өндірісті дамытуға ықпал ететін жоғары техникалық мамандықтар бойынша фундаменталды даярлауды дамытуға жәрдемдесу (инженер-зерттеушілер, конструкторлар мен ҚР өнеркәсіптік мекемелерінің жобалаушыларын даярлау);

2. отандық зерттеулердің экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағытталуы;

3. зерттеу департаменттерін құру және өндірістік дамыту арқылы зерттеулер мен инновацияларды ынталандыру үшін жағдайлар жасау;

4. қазақстандық ғылыми-зерттеу институттар, академиялық институттардың жетекші шетелдік ұйымдармен және университеттермен әріптестік қарым-қатынастарын дамыту және одан әрі қолдау.