2-бөлік. "Инновациялық консорциумдар".

Бұл бөліктің мақсаты, өндірістік сектор консорциумдары және инклюзивті инновациялар консорциумдары арқылы қосылған құны жоғары және экспорттық әлеуеті бар өнімдерді шығаратын жоғары технологиялық өнеркәсіптерді құру, сондай-ақ жергілікті ғылыми-зерттеу институттар, конструкторлық бюролар және ғылыми-техникалық зертханалар, сондай-ақ осы зерттеу орталықтары және жеке сектор, инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Бұл бөлік екі кіші бөліктен тұрады

(a) Өндірістік сектор консорциумдары: экономиканың өндірістік секторларындағы (ауыл шаруашылығы, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп және басқа да салалардағы) консорциумдар. 

Консорциумдардың келесі түрлеріне қолдау көрсетілетін болады:

ӨСК І:  Индустриялық-ғылыми ынтымақтастық орталығы.

ӨСК II:  Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум.

Гранттың түрлері мен максималды сомалары мынадай:

1. ӨСК І жоспарлауға арналға грант:  бес (5) айға дейінгі мерзімге 6,5 миллион теңгеге дейін берілетін болады.

2. ӨСК І гранты: үш (3) жылға дейінгі мерзімге 650 миллион теңгеге дейін.  ӨСК Ігрантына өтінім жіберуден бұрын өтінім берушілер ӨСК І жоспарлауға арналған грантқа өтінім беруі және оны сәтті аяқтауы тиіс.  

3. ӨСК ІІ гранты:  гранттың максималды көлемі үш (3) жылға дейінгі мерзімге 650 миллион теңгені құрайтын болады.

ӨСК Гранттық бағдарламасының міндетті шарты - қоса қаржыландырудың болуы.

(b) Инклюзивті инновациялар консорциумдары: қала және ауыл тұрғындарының табыстарын арттыру үшін әлеуметтік қызметтер көрсету (енсаулық сақтау, білім беру, сумен қамтамасыз ету, қалалық және ауылдық инфрақұрылым және басқа да бағыттар) деңгейін жақсарту үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық;

Бұл бөлік шеңберінде экономикалық және әлеуметтік әсері жоғары технологиялар мен өнімдерді шығару үшін анағұрлым перспективалы қатысушыларға қолдау көрсету үшін өндірістік сектор консорциумдары және инклюзивті инновациялар консорциумдарына арналған гранттық бағдарламалар іске асырылуда.

Гранттық бағдарламаның құжаттары келісу сатысында. Гранттық бағдарлама 2018 жыл басталады деп күтілуде.