Төмендегі кіші бөліктерді іске асыру арқылы стартап-компанияларды дамыту:

A.Венчурлық ерте қаржыландыру қорының («ВЕҚҚ» қоры) Кіші жобаларын қаржыландыру, оның ішінде басқару бойынша қолдау көрсету үшін ВЕҚҚ-ға инвестициялар ұсыну мақсатында ВЕҚҚ қалыптастыру; 

Қазақстанда венчурлық капитал қорларының саны шектеулі болғанына қарамастан, ерте қаржыландыру және технологиялық компаниялар үшін жасалған транзакциялардың саны өте аз. Ерте кезеңдік қаржыландырудың қолжетімділігі шешілмеген мәселе болып табылады.

B. Инновациялар саласындағы брокерлік қызмет пен мәмілелер ағынын ЖІН-де жазылған критерийлерге сәйкес генерациялау арқылы технологиялар мен инновациялық идеяларды тіршілікке қабілетті коммерциялық жобаларға дамыту бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

Бұл бөлік бизнесті дамыту бойынша мамандандырылған қызметтер нарығын катализдеуге бағытталған. Бұл технологиялық және инновациялық идеяларды ерте кезеңде венчурлық капиталмен немесе басқа инвесторлармен қаржыландыруға болатын коммерциялық жобаларға айналдыруға мүмкіндік береді. Ерте кезеңдік қаржыландыруды енгізуге талпыныс жасаған елдердің тәжірибесі "мәмілелер ағынының" болуын қамтамасыз ету үшін қосымша көмекке, яғни дайын инвестициялық жобаларға қажеттіліктің бар екенін көрсетті. Осы жағдайды ескере отырып, бұл кіші бөлікте қолдау инновациялық брокерлер (бұдан әрі – технологиялық брокерлер) тобын құру көзделген. Технологиялық брокерлер кәсіпкерге инкубациялау айналымының барлық кезеңдерінде көмек көрсететін болады. Мәмілелер ағынының бастамашыларының функциялары мыналарды қамтиды: (i) технологиялық жобаның өміршеңдігін бағалау; (ii) инновациялардың коммерциялық әлеуетін бағалау; және (iii) жаңа жоба туралы ақпаратты әзірлеу, ұсыну және маркетингтік іс-шараларды өткізу.

C. Қазақстанның шегінен тыс жерлерде Технологиялық жеделдету кеңселерін құру және басқару;

Технологиялық компаниялардың маркетингтік және технологиялық мүмкіндіктерін арттыру үшін, 3 (d) кіші бөлігі бойынша халықаралық консультантының кеңестеріне сәйкес,  Шетелдерде бірнеше технологиялық жеделдету кеңселері құрылатын болады. Басты қағида мұндай "антенна" кеңселерді Қазақстанның инновациялық жүйесіне сөзсіз пайда әкелетін болатын жерлерде құру болып табылады;

D. Қазақстанның ірі университеттерінде қазіргі бар Технологиялар трансферті кеңселерінің әлеуетін арттыру және оқытулар өткізу арқылы олардың институционалдық мүмкіндіктерін нығайту жолымен  жәрдемдесу;

Бұл кіші бөлік технологияларды коммерцияландыруды ұлғайтуға және қолданыстағы 6-10 толыққанды ТТК/ТКК желісі шеңберінде трансферттеу мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін қолданыстағы ТТК/ТКК-лардың әлеуетін арттыруға бағытталған.  (b) және (c) кіші бөліктерімен біргелікте бұл кіші бөлік ВЕҚҚ үшін мәмілелердің жеткілікті ағынын қамтамасыз ететін болады. Бұл кіші бөлік шеңберінде ТТК/ТКК әлеуетін арттыру бойынша қызметтер (оқыту, таныстыру сапарлары) қаржыландырылатын болады.