Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңес

 

Erik Azulay, АҚШ

Технологияны коммерцияландыру бойынша сарапшы

Технологияларды коммерцияландыру бойынша сарапшы, шағын бизнес стартаптары және халықаралық нарық стратегиялары саласында қызмет атқарады. Технологиялықталдаушы ретінде көптеген ұйымдарда, сондай ақ Венгрия, Мексика, Үндістан, Чили, Корея, Португалии, Израиль и Египет мемлекеттеріндегі халықаралық жобаларда қызмет атқарған.

Қызмет аясы Технологияны коммерцияландыру және халықаралық қатынастар

Ғылыми дәрежесі MS

ҒКХК-дағы рөлі Технологияны коммерцияландыру бойынша сарапшы

    

 

Thomas A. Сellucci, АҚШ

Технологияны коммерцияландыру бойынша сарапшы

Жеке және мемлекеттік секторларда жаңа технологияларды тәжірибелік коммерцияландыру саласында танымал сарапшы (АҚШ Федералдық үкіметінің атқарушы билік органдарының коммерцияландыру жөнінде бас маманы). АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаментінің Ғылыми-зерттеу және дамыту тобының бас директоры болып тағайындалған. Дүние жүзі бойынша бизнес пен маркетингтік жоспарларды дамытумен айналысатын Cellucci Associates маркетингтік компанияның төрағасы және бас атқарушы директоры, Inc.

Қызмет аясы Технологияны коммерцияландыру

Ғылыми дәрежесі MBA, PhD

ҒКХК-дағы рөлі Технологияны коммерцияландыру бойынша сарапшы

  

Chanbasha Basheer, Үндістан, Сауд Арабиясы

Мұнайгаз саласындағы ғалым

Стэнфорд университетінің (АҚШ) шақырылған профессоры, Американың химия ұйымының Сауд Арабиясының бөлімінің Директорлар кеңесінің мүшесі. 1. Король Фахдтің Мұнай мен пайдалы қазбалар университетінің Үздік зерттеуші сыйлығының иегері–2015, сәуір, 2015 жыл. 2. Үздік зерттеуші сыйлығы, экстракциялық технологиялар, 2007, Осло. 3. Азияның үздік зерттеуші-талдаушысы 2005, Тайбэй. Қазіргі уақытта функционалдық нанобөлшектер, наноөзектер, наномембраналар, наноалмаздар және биоүйлесідімді наноматериалдар секілді жаңа наноматериалдармен біргелікте қарапайым және азайтылған аналитикалық әдістерді әзірлеумен айналысады. Сондай ақ, зерттеушілік қызметі қамтиды: электромембраналар мен электро-фото катализдік әдістерді қамтитын жаңа аналитикалық әдістерді пайдаланумен шикі мұнайды зерттеу және шикі мұнай үлгілерінен күкірт, азот және сынапты жою.

Қызмет аясы Мұнайхимия и нанотехнологиялар

Ғылыми дәрежесі Доктор

ҒКХК-дағы рөлі Ғалым

 

Emil Martin, АҚШ

Молекулярлық биология және медицина саласындағы ғалым

Мәскеу мемлекеттік университетінде генетика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін (Ресей, 1989 ж.) және Ресей Ғылым Академиясында Молекулярлық генетика институтында молекулярлық биология саласында PhD (Ресей, 1993) дәрежесін иеленді. Қазіргі уақытта Хьюстон қаласындағы Денсаулық сақтау ғылыми орталығының Техас университетінде доцент қызметін атқарады. Жеке лабораториясында әзірленген рекомбинантты ДНҚ өнімдерін шығару және коммерцияландыруда тәжірибесі бар. Молекулярлық биология және медицина саласында тәуелсіз ғылыми зерттеулерді әзірлеу мен өткізуде 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Қызмет аясы Молекулярлық биология

Ғылыми дәрежесі PhD

ҒКХК-дағы рөлі Ғалым

 

 

Majidi MEHDI, АҚШ

Әлеуметтік инклюзивті инновациялар бойынша маман

Оңтүстік Корея Үкіметінің жұмыс тобының сарапшысы, Қытай Халық Респебликасында әлеуметтік инклюзивтік инновациялар, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау саласындағы шағын және орта кәсіпорындардың әлеуметтік кәсіпкерлігі, кәсіпорындардың және стартаптардың жоғары және орта санатты менеджерлерді әлеуметтік-экономикалық  дамыту бойынша сарапшы. Халықаралық бизнес-басқарушылық департаментінің төрағасы (International Business Administration (IBA). Бизнес-басқарушылықты кросс-мәдени және тұрақты дамыту бағдарламасының директоры. Coopers and Lybrand (C&L), PricewaterhouseCoopers (PwC)’s Global Consulting және IBM Global Business Services компанияларында, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінде (USAID), АҚШ-тың білім беру департаментінде сарапшы-консультанты, Дүниежүзілік банкте, ТКО-да сарапшысы қызметтерін атқарды (Қазақстан).

Қызмет аясы Әлеуметтік инклюзивті инновациялар, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік шағын және орта кәсіпкерлік, кәсіпорындар және стартаптар үшін шағын және орта деңгейлі менеджерлердің әлеуметтік-экономикалық дамыту.

Ғылыми дәреже Доктор, профессор

ҒКХК-дағы рөлі Инклюзивті консорциумдар жөнінде сарапшы

 

Искаков Аюп, Қазақстан

Генетик ғалым, биологиялық ғылымдар докторы

Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор, генетика саласы бойынша биология ғылымдарының докторы, ауыл шаруашылығындағы биотехнология саласының маманы.

Қазақ ұлттық аграрлық университеттің халықаралық байланыс және инвестициялар бойынша проректоры қызметін (1997-2001 жж.);

СҚМУ ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөнінде проректоры, Ауыл шаруашылық кафедрасының меңгерушісі (2001-2003 жж.);

«Технопарк НПО «Прогресс» АҚ-ның ғылым және білім бойынша вице-президенті (2003-2004 жж.); Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры (2004-2005);

2005-2011 жж. - ҚР АШМ мен ДДҚҚБ-нің «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі» жобасының координаторы. 105-тен астам ғылыми еңбектердің авторы.

Қызмет аясы Агрономия

Ғылыми дәрежесі Биология ғылымдарының докторы

ҒКХК-дағы рөлі Ғалым