Жаңалықтар

12 сәуірде астаналық Rixos President Astana мейманханасында қазақстандық ғылыми жұртшылық «Жаңа Қазақстан – Қуатты Ғылым» форумы шеңберінде Ғылым қызметкерлерінің күнін мерекелеген.

 Ғылым Күні бағдарламасына Ғылым Күніне арналған салтанатты іс-шара, Отандық ғалымдардың коммерциялық жетістіктерінің көрмесі, Ғылым қорымен қаржыландырылған “Өнертабыс питч”, KazTechnologies”, “ҒҒТҚН коммерцияландыру” үш панельдік сессиясы, Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, Атамекен ҰКП Президиумының төрағасы қатысып, ғылымдарды салтанатты құттықтау және марапаттау және Орталық коммуникациялар қызметінде Брифинг кірген.

 Бүгінгі күні қазақстандық ғылымда 22 665 ғалым (олардың арасында 54% әйел) 396 ғылыми ұйымда жұмыс істейді. Ғылыми қызметкердің орташа еңбек ақысы 152 мың теңгеден бастап 257 мың теңгеге дейін айтарлықтай көтерілген. Тарих, қазақ тілі, философия, археология, математика, шығыстану және басқа да пәндер саласындағы 4 000 астам ғылыми қызметкерлер осы жылдан бастап тұрақты еңбек ақысын алатын болады. Ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімі үш жыл орнына 5 жылға дейін ұзартылған. Постдокторантура үшін мыңдаған гранттарды бөлу жөніндегі бағдарлама бүгінгі күні қолданып келеді. Атап айтқанда, екі мыңнан астам жас ғылыми қызметкерлер жалпы сомасы 17 миллиард теңге гранттарды алған болатын. Сонымен қатар, осы жылдан бастап 500 қазақстандық ғалым дүниежүзілік қауымдастықтың жетекші зерттеу ұйымдарында тұрақты ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.

 Сондай-ақ ғылымға жастардың айтарлықтай келуін де айтып ескерту керек. 2018 жылы жас ғылымдардың саны 8000 адамды құрайтын болса, ал 2021 жылы ғылымда 9200 адам жұмыс істейтін болған.  

 ҚР Білімжәне ғылым министрлігі 130 жобаны іске асырған, соның ішіндегі 120 жобасы сату кезеңіне шыққан. Біздің ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін экспорттау көлемі 346 миллион теңгеден асып кеткен. Инновациялық жобаларды коммерцияландырудан жалпы түскен табыс - 16,3 миллиард теңгеден артық.

 ҚР БҒМ жанында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша гранттарды қаржыландыру жөніндегі операторы болып, ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын Ғылым қоры табысты түрінде әрекет етеді. Атап айтқанда, соңғы 2 жыл бойы Қормен 130 жуық жоба қаржыландырылған; ғылымды қажетсінетін 120 өндіріс іске қосылған (олардың 15 өнімді экспорттауға шыққан); 1,5 мыңға жуық жұмыс орын жасалған және 45 лицензиялық келісім жасалған.

 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы (ӨИЫЖ) қазақстандық ғылымның дамуына және ғылыми идеяларды коммерцияландыруға салмақты үлес қосқан.

 Әсіресе, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жобаларының көрмесінде («Ғылым қоры» АҚ, «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, ЦДИАӨМ және ДБ «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы (ӨИЫЖ)) Ғылым қызметкерлерінің күні ӨИЫЖ шеңберінде коммерцияландыру көзқарасынан ең табысты жобалар көрсетілген: «ReliveResearch» ЖШС, «Smart Metering» ЖШС, «Sezual» ЖШС, «X-Matrix» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» ЖШС

 Жалпы алғанда, 2016 жылдан бастап ӨИЫЖ шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар / Кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар (АҒҚГ/КҒҚГ), Өндіріс секторының консорциумдары (КӨСК), ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына арналған инклюзивті инновациялардың консорциумдары (ИКИ) - грант бағдарламалары бойынша 5 конкурс (2016 ж, 2017 ж, 2018 ж, 2019 ж) өткізілген. Конкурстар нәтижесі бойынша 54 жобаны іске асыру үшін 10,7 млрд. теңге аударылған, бюджеттен тыс қорлардан 1,78 млрд теңге тартылған, бұл 16% құрайды.

Жобаларды іске асыру шеңберінде өнім 7 млрд. теңгеге жуық сомаға сатылған. 300 жұмыс орны жасалған. Зияткерлік меншіктің авторлары және ғылыми әзірлемелерді пайдаланылатын кәсіпорындар арасында 8 лицензиялық келісім жасалған. Лицензиялық келісімдерден роялти бойынша ғылымдардың келіп түскен жалпы табысы (ғылымдардың авторлық сыйақысы) 20 млн. теңгені құрайды.

 Көптеген жағдайларда Білім және ғылым министрлігінің және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің табысты қызметіне Қазақстанның дүниежүзілік ғылымдағы жайғасымы нығайтылған.

 Осылайша, World Intellectual Property Organization (WIPO) тарапынан Ғаламдық Инновациялар индексінде «Зерттеулер және әзірлемелер (Research & development, R&D) мәні бойынша Қазақстан 2020 жылы 57 орын алған, ал 2021 жылы 54 орынға шығып, өз жайғасымын үш сатыға жоғарлатты.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруге арналған жоғары технологиялық құлақ биркаларының сериялық өндірісінің тұсаукесері өтті. Өндіріс Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы аясында іске қосылды.

"Өндірістік сектор консирциумдары" бағдарламасының ("Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде) негізгі мақсаты саланың жүйелі міндеттерін шешетін технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар мен өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдар құру болып табылады.

Консорциум қазақстандық ветеринарлық бұйымдарды өндіруші "ZTOWN Development" ЖШС, "Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми инновациялық орталығы" ЖШС, сондай-ақ Сүтті мал шаруашылығы бойынша республикалық палатаны біріктірді. Осылайша, ғылым мен кәсіпкерлік бірлестігінің табысты кейсі таныстырылатын болады.

Бұл өнімді соңғы тұтынушыға не береді:

- Бағдарламалық өнім фермадағы жануарлар туралы барлық ақпаратты орталықтандырады, рационды оңтайландырады, мемлекеттік ветеринариялық қызметкердің қажетті ақпаратқа онлайн қашықтықтан қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

- Мемлекеттік деректер базасына деректерді жіберу жүйесін синхрондауға мүмкіндік береді.

- Бағдарламалық өнімнің мобильді нұсқасы фермерге шаруашылықтағы оқиғаларға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

- Сканерлеу құрылғылары фермерге немесе ветеринарлық қызметкерге жануармен болған барлық жағдайларды нақты уақыт режимінде жіберуге мүмкіндік береді.

Түркістан облысында тоғанды су жуып кету нәтижесінде, кейбір қиыншылықтар орын алып отыр. Бүгінде Мақтаарал  аудынының біршама ауылдары су қыспағында. Осының нәтижесінде 31 000 ға таяу тұрғындар баспанасыз қалды. Шамадан тыс нөсердің нәтижесінде туындалған қиыншылықтарды жоюға бағытталған құтқару жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Орын алып отырған жағдайға қазақстанның барлық азаматтары жан-тәнімен алаңдаулы.

Осыған байланысты, біз сіздерді қазақстандық ғалымдар жасаған жаңалықпен таныстыруды жөн көріп отырмыз. Әңгіме құрылыс материалдарымен тұрғын үйді жылдам көтеруге арналған инновациялық  «Оңтайлы модуль-ықшам завод» жайлы. Бұл қондырғы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салу мен қалпына келтірүді тездетуге және жеңілдетуге арналған. Аталған модуль - тез әрі жеңіл жинақталады және кез-келген жерге орнатуға болады. Осылай құрылыс алаңына қойылған «Модуль-ықшам завод» тез арада көптеген құрылыс материалдарының түрлерін шығарып, олардан тұрғын үйлер құрастыруға мүмкіндік береді. Маңыздысы,  аталған үйлердің бағасы орташа нарықтық бағадан 20 пайыз төмен және аумағы 80 шаршы метр уйді бір жұмыс ауысымында бітірүге болады.

Сонымен қатар, ұсынылып отырған «Модуль- ықшам заводтың» тиімділігі –оның арзандығы  және  құрылысты жылдамдатуымен де анықталады. Оған қосымша, құрылыс материалдарын шығару құрылыс аланыңда жүзеге асырылуына байланыста логистикалық шығындар да  үнемделеді. 

Аталған кішіжоба «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» атты грандық бағдарлама шеңбінде  Қазқстан-Британ техникалық университет пен «Идеал-Систем» өндірістік компания бірлесүімен жүзеге асырылып отыр.

Аталған жобаның авторлары түркістан облысына барып, қолдан келген көмектерін көрсетуге дайын, тұрғын үйлерді тұрғызу жұмыстарына атсалысуға дайын.

Нұр-Сұлтан қаласында "Инновацияны ынталандыру: ғылым мен бизнестің ұштасуы» конференциясы өтті. Бұл іс-шара Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыру үшін маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Конференцияны "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференцияда қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан экономикасының үдемелі дамуын жүзеге асыру үшін бизнеспен жемісті ынтымақтастықтың нәтижелері таныстырылды.

"Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы қазақстандық ғалымдар мен олардың әзірлемелерін қолдау құралдарының бірі болып табылады. Қазақстан отандық ғылымды жаңа деңгейге шығару мақсатын қойды. Міндеттердің бірі - ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылын нығайту. Өнімді инновациялар экономика мен қоғамның барлық салаларын қамтитын және тиімді байланыстыратын дамудың негізгі факторы болып есептелінеді. Біздің жобаның негізгі мақсаты - жоғары сапалы, ел үшін өзекті технологияларды коммерцияландыру әлеуеті бар зерттеулерді жүргізуді ынталандыру, сондай-ақ әлемдік білім мен тәжірибені тиімді пайдалану болып табылады", - деп атап өтті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобының директоры Мұрат Сартбаев.

Конференция аясында "Табысты жобалар" питчинг-сессиясы өтті, оның барысында қазақстандық ғалымдар мен озық ғылыми шешімдерді әзірлеушілер өз жобаларын коммерцияландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Жобаның операциялық қызметі мәселелері бойынша пікірталас алаңында ғылым мен бизнестің тығыз серіктестігінің өзекті мәселелері, сондай-ақ қазақстандық ғылыми жетістіктерді дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау мәселелері талқыланды.

Сондай–ақ, іс-шара аясында "Өнімді инновацияларды ынталандыру - табысты жобалар" көрмесі өтті. Грант алушылар өздерін таныстырып қана қоймай, конференция алаңын коворкинг аймағы ретінде пайдалана алды. Әріптестермен коллаборация және ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Ғылыми-зерттеу ұйымы ретінде аккредиттелген «Qazproftec» ЖШС-і Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Дүниежүзілік Банкпен бірге «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында 2016 жылдан бастап «Кәсіптік бағдарлаудың, мамандықтардың қажеттіліктерін талдау мен болжаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – Bagdar.kz» жобасын жүзеге асырумен айналысады және кәсіптік бағдарлау бойынша мектеп оқушылары мен жастарға арналған «Қазақстан болашағы: кәсіптік бағдарлаудан мансапқа дейін!» атты шараны өткізеді.

Шараның басты мақсаты техникалық және кәсіптік, жоғары және орта кәсіптік білім саласындағы білім беру өкілдері арасында мектеп оқушылары мен жастарды заманауи кәсіби бағдарлау және өзін-өзі табу саласында тәжірибемен алмасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде негізгі және қосымша кәсіптік білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру болып табылады.

Шара барысында мынадай мәселелер қаралды: жоғары оқу орындары түлектерінің әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстыру, Қазақстанда және шетелде орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік бағдарлау траекториясын таңдау жөніндегі ұсыныстары, балалар мен жастар үшін әлеуметтік және қаржылық білім алу тұжырымдамасы, шетелдегі оқу мекемелерінде кәсіптік бағдарлау жүйелерінің үлгілерін зерттеу және т.б.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР БҒМ Ғылым комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері, психологтар, кәсіптік бағдарлау саласындағы ұстаздар және ғылыми қызметкерлер, Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары мен студенттері, сондай-ақ Балтық халықаралық академиясы (Латвия), Афлатун халықаралық ұйымы (Нидерланд), I Global Университетінің (АҚШ) өкілдері қатысты.

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: