Консорциум деген не? Консорциумов құрудағы халықаралық тәжірибе  

Әр түрлі елдерде жаңа технологияларды ойлап табу және инновациялық қызметті насихаттау кезінде ортақ мүдделерге негізделген консорциумдар ресурстарды біріктіруде және бәсекеге қабілетті инновацияларды анықтау, жетілдіру және қолданысқа енгізуге байланысты шығындар мен қауіптерді бөлуде бағалы құрал болып табылады.

Консорциумдарындың құқықтық түрлері және олардың тұрақтылық дәрежесі де әр түрлі болуы мүмкін. Кейбіреулері көп жылдық тарихы бар сенімді мекемелер болса, кейбіреулері серіктестері топта жұмыс істеуді енді ғана үйреніп келе жатқан қысқа мерзімді мекемелер болуы мүмкін.  

Консорциумдардың үш мысалы төменде сипатталған: барлығына тән ұқсастық бар, бірақ мотивация, құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ ол тек мүдделердің өзара тиімді ұштасуы моделінің кеңінен қолданылатынын растайды.

Бірінші мысал - Чилидегі шарап дайындауға байланысты. Осы мыңжылдықтың бірінші онжылдығында зерттеушілер мен өнімді сектор арасындағы одақтарды қолдау үшін жаңа мемлекет қаржыландыратын бағдарламаның аясында ұсыныстар сайысы өткізілген болатын. Нәтижесінде екі консорциум құрылды. Солардың бірі - жүзім өсіру әдістерімен айналысатын университетте жұмыс істеген компаниялар мен агрономдар тобы болса, келесілері - шарап өндіру технологиясына қызығушылық танытқан әр түрлі ғалымдар мен кәсіпорындар тобы болатын. Аз ғана уақыт бірге жұмыс істегеннен кейін осы екі консорциум біріктірілді, өйткені компаниялар жоғары оқу орындарымен жұмыс жасаудың және жүзім өсіруге және шарап өндірісіне инновацияны енгізудің пайдасын түсіне бастады. Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша сатылатын жоғары сапалы шараптың біршамасы Чилиден шығады. 

Екінші мысал - Мексиканың тұрмыстық электротехника секторына байланысты. Мексика үкіметі ғалымдар мен жоғары оқу орындарының технологтары және мемлекеттік ғылыми орталықтары мен өндірістік сектор арасында одақ құру мақсатына аталмыш секторды қаржыландырады. Бұл жағдайда, тек пештер, тоңазытқыштар және өзге де элекро құрылғыларын отандық нарыққа және басым бөлігін орташа табысты елдерге экспорттайтын «MABE» компаниясы ғана өз өнімдерінің әр түрлі аспектілерін және өндірістік көрсеткіштерін көптеген ғалымдардың қатысуымен зерттеуге келісім жасаған болатын. Ғылыми-зерттеу бағыттарының мысалдары мыналарды қамтиды: өнімдер мен өндірістік процестердің бірқатарының энергия тиімділігі; пештерінің өнімділігін және төзімділігін жақсарту үшін жаңа материалдар мен бетін өңдеу технологиялары; кір жуғыш машиналардың су тұтыну тиімділігі; тұтынушылардың мінезі мен дифференциалды талғамдарын анықтау мақсатында басы халықаралық нарықтарда жүргізілетін маркетингтік зерттеулер. Ауқымды өнімдер топтамаларының компоненттерін жинау, қажетті техникалық қызметтердің ерекшеліктеріне арналған нұсқаулықтың тапсырмалары, өндірістік көрсеткіштердің мониторингі, жетілдірулерді енгізуді жоспарлау, нәтижелерін өнімге интерграциялау -   «MABE» компаниясының мамандары үшін үйреншікті  жайтқа айналды.

Үшінші мысал - баскілер елі Испаниның инженерлік және материалдар секторына байланысты. Испанияда  ежелден жабық испан нарығы мен бәсекелестікке қабілетсіздігі дәлелденген дәртүрлі әдістер мен тауарларды біріктіргеннен кейін қайта құру керек-тін. ЕО - ның аймақтық даму бағдарламасының шеңберінде елге елеулі қолдау көрсетілді. Жартылай автономды Баск өңірлік даму агенттігі айқын қадамдарын белгіледі. Алғашқы қадам әлемдік энергетика, металлургия, материалтану және басқа да салалардың дәстүрлі қоланбалы зерттеу мекемелерін қайта құрудан басталды. Артынша салалардың бұрыннан бері келе жатқан шектеулерінен асып түсетін және нано дәрежесіндегі АКТ, компьютеризация және жаңа материаллар секілді горизонталды технологияларлың әсеріне қатты ұшыраған жаңа материаларды, жаңа өндірістік үдерістерді және жаңа тауар түрлерін енгізген компаниялардың күнтізбесіндегі бір-бірімен тығыз байланысты әрі жалпы мәселелердің шешімін іздеудің жүйелік әдісін енгізу басталды.

Зерттеу орталықтары саласындағы ұйымдастырушылық инновациялар қосымша екі шешіммен ынталандырылды:  біріншісі - кезінде бөлініп кеткен ғылыми-зерттеу институттарының әр түрлі технология салаларында мүмкіндігі барларынан бір ортақ ұйым құру үшін мүдделерді бір арнаға тоғыстыру. Екіншісі - серіктестік бір ұйымға айналмай, ортақ жұмыстың негізі болып табылатын жүйелік альянс. Қайта құру кезінде біршама көмек көрсетілгенмен, - стратегияның басты ұстанымы қатысушы коммерциялық мекемелердің жетекшілерінің институттарды басқаруы, операциялық табыстың басым бөлігі жарналар мен қатысушы фирмалардың қызмет төлемдерінен келетін қаржыландырудың коммерциялық философиясы болып қала береді.   

Үш мысалдың үшеуі де әр түрлі жағдаятты баяндағанына қарамастан, олардың әрқайсысы бәсекелестіктің қайнаған ортасы - халықаралық нарықта күнкөріс пен сәттіліктің басты шарты болып табылатын инновацияға негізделген коммерциялық артықшылыққа ие болу үшін және бәсекеге қабілеттілікті арттыратын стратегияны ынталандыру үшін білімнің қолданылуын талап етеді. 

«Өнімді инновациялары ынталандыру» жобасы аясында Өндірістік сектор консорциумдары және инклюзивті инновациялар консорциумдары гранттық бағдарламасы бойынша іріктеу өтетін болады.


«Инновациялық консорциумдар» бөлімінде жарыстарға өтініш қабылдаудың екі түрі қамтылған:

2.1. Суб-компонент. Өндірістік сектор консорциумдары: экономиканың өндірістік секторымен қоса, ауыл шаруашылығы, тау-кен және өңдеу секторларын жетілдіру мақсатында құрылған консорциумдар.

youtubeӨндірістік сектор консорциумдары гранттық бағдарламасы


2.2. Суб-компонент. Инклюзивті инновациялар консорциумдары: қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін әлеуметтік қызметпен қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында құрылған консорциумдар (денсаулық сақтау, білім беру, ауыз су, қалалық және ауылдық инфрақұрылым).

youtubeИнклюзивті инновациялар консорциумдары гранттық бағдарламасы