Жобаның 4-компоненті "Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесін (бұдан әрі – ҚР ҰИЖ) үйлестіруді нығайту; қолданыстағы институционалдық құрылымдардың әлеуетін ұлғайту" нақты мақсаты - Инновациялық обсерваторияны әзірлеу және құру.

Инновациялық обсерваторияны құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қарыз туралы келісім шеңберіндегі міндеттемесі болып табылады, оған сәйкес Инновациялық обсерватория негізгі мүдделі тараптар мен ҚР ҰИЖ қатысатын мемлекеттік органдарды тиімді үйлестіру үшін қажет.

Инновациялық обсерватория ­­негізгі ­мүдделі тараптар мен ҚР ҰИЖ қатысушылары болып табылатын мемлекеттік органдарды үйлестіруді жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторлардағы инновациялардың тиімділігіне мониторинг жүргізуге арналған.

Инновациялық обсерватория өз қызметі шеңберінде инновациялық жүйені іске асыру тиімділігіне тәуелсіз талдау жасау, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын консультациялық орган болып табылады.

 



"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру кезеңінде Инновациялық обсерваторияны іске қосу бойынша келесі НҚА енгізілді:

  1. "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" 2016 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қарыз туралы келісім (ҚР Азаматтық кодексінің 683-бабының 1-тармағы №450-V ҚРЗ).
  2. ҚР Президентінің 26.02.2021 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары.
  3. ҚР Үкіметінің 27.10.2021 ж. №727 қаулысымен бекітілген "Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы.
  4. 12.2021 жылғы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң (241-7-бап, 2 тармақшасы).