АҒҚТ және КҒҚТ Гранттық бағдарламасы бойынша конкурс қатысушыларының назарына!

 

          «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын Басқару тобы АҒҚТ және КҒҚТ гранттарына өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тек Жобаның порталында, portal.fpip.kz, 2017 жылдың 03 сәуірі Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін қабылданатынын хабарлайды. Өтінімді ұсынылатын кіші жобаның жетекшісінің жеке өзі порталда on-line режимде толтырады.
          Кіші жобаларыңыз жөнінде құпия ақпараттың таралып кетуінің алдын алу үшін, сондай ақ порталдағы өтінім формасының өз бетімен толтыруға қолайлы жеңіл интерфейсін есепке ала отырып, өтінімдеріңізді бөгде ұйымдарға және адамдарға, сондай ақ «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасына қатыспайтын делдалдарға бермеуіңізді сұраймыз.

 

 

Жобаны басқару тобы