Хабарландырулар

15 қыркүйек 2022

Құрметті Өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары І: Құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарлама бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 20 қазанына Нұр-Сүлтан  уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.

Гранттық бағдарламалар бойынша толығырақ ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. немесе +7-777-149-80-36 телефондары арқылы ала аласыздар.


19 Тамыз 2022

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзырет орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты - жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу, зертханалық ауқымда өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру («модельдік фабрика»), сондай-ақ саланы дамыту бойынша талдау және ұсынымдарды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелік салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттер орталықтарын құру.

Қатысушылар үшін талаптар:

Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет.  Консорциумның міндетті шарты - консорциумда 1 ғылыми ұйымның және кемінде 2 өндірістік кәсіпорынның қатысуы тиіс.

Грант сомасы:

Гранттың ең жоғары сомасы 650 млн.теңгеге дейін ұсынылады, іске асыру мерзімі 18 айға дейін. Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 10 пайызын құрауға тиіс.

Іріктеу процесі:

Өтінімдерді қабылдау процесінің нәтижесі бойынша іріктеу халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мамандардың сараптамасы арқылы бірнеше кезеңнен тұратын болады.

Күтілетін нәтижелер:

Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыруға ие болған консорциумдар консорциум құрамын ұлғайтуды, салалық даму жөнінде кешенді талдама әзірлеуді, әзірлемелерді коммерцияландыруды, халықаралық патентке өтінім берулі қамтамасыз етуі, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар арасында салалық мамандарды оқытуды жүргізуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 19 тамызда басталып, 2022 жылғы 20 қыркүйекте Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады*.

 

Толығырақ...

ӨСК хабарландыру

20 сәуір 2022

Құрметті Өтінім берушілер,

«Өндірістік сектор консорциумдары І: Құзыреттілік орталықтары» бағдарламасы бойынша жеңімпаздардың тізімі.

Өтінім №

Жоба жетекшісі

1

16625

Илаева Альфия Рашидқызы

2

16773

Нефтисов Александр Витальевич

3

17371

Джексембаева Асель Ермекқызы

ӨСК хабарландыру

14 Сәуір 2022

Құрметті Өтінім берушілер,

Төменде комиссия алдында тыңдау кезеңіне өткен өтінімдер презентацияларының кестесі келтірілген.

Өтінім №

Уақыт

Жоба жетекшісі

15 сәуір 2022 жылы (жұма)

1

16625

15.00-15.30

Илаева Альфия Рашидқызы

2

16773

15.30-16.00

Нефтисов Александр Витальевич

3

16807

16.00-16.30

Арынгазиев Берик Серикұлы

4

16883

16.30-17.00

Каргин Джумат Бейсембекұлы

5

17371

17.00-17.30

Джексембаева Асель Ермекқызы

6

18602

17.30-18.00

Балпанов Дархан Серикұлы

7

18633

18.00-18.30

Ибраев Марат Алшинұлы

 

Отырыс онлайн режимде 2022 жылғы 15 сәуірде өтеді. Тұсаукесердің басталуы сағат 15.00-ге жоспарланған. Егер уақыт өзгерсе, сізге электрондық пошта арқылы хабарлама келеді.

 

Барлық сұрақтар бойынша Жобаны басқару тобына келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (777) 149 36 80

ӨСК хабарландыру 

11 Сәуір 2022

Құрметті Өтінім берушілер,

Төменде жобалар бойынша Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес алдында презентацияларды қорғау кестесі берілген.

Өтінім №

Уақыт

Жоба жетекшісі

13 сәуір 2022 жылы (сәрсембі)

1

16625

12.00-12.30

Илаева Альфия Рашидқызы

2

16773

12.30-13.00

Нефтисов Александр Витальевич

3

16807

13.00-13.30

Арынгазиев Берик Серикұлы

4

16883

13.30-14.00

Каргин Джумат Бейсембекұлы

5

17371

14.00-14.30

Джексембаева Асель Ермекқызы

6

18602

14.30-15.00

Балпанов Дархан Серикұлы

7

18633

15.00-15.30

Ибраев Марат Алшинұлы

Толығырақ...

ӨСК I гранттық бағдарламасының хабарландыруы

18 Ақпан 2022 жыл

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламалары бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты - коммерциялық тұрақты инновациялық жобаларды құру және іске асыру үшін ғылым мен бизнестің күш-жігерін біріктіру.

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2022 жыл  18  ақпанда басталады және 2022 жылғы 31 наурызда  Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады.*

Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен www.fpip.kz. сайтында «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан, «Өндірістік сектор консорциумдары II» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

Толығырақ...

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: