Жаңалықтар

Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерінде орналасқан Технологиялар трансферті кеңселерінің әлеуетін, оның институционалды мүмкіндіктерін арртыру мақсатымен, Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасынын    үшінші компоненті аясында оқыту жүргізілуде.     

2018 жылдың желтоқсан айында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Бизнес жобаларды коммерцияландыру бөлімі   арнайы грантты иеленді.

Аталған жоба шеңберінде университет ғалымдары мен коммерцияландыру бөлімі қызметкерлерін ағылшын тіліне оқыту қарастырылған.

Басты мақсат – ғалымдарымыздың инновациялық жобаларды коммерцияландыру бағытында шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуы, шетелде өз біліктіліктерін арттыру, технологияларды трансферттеу, старт-ап жобаларды жүзеге асыру мумкіндіктерін игеру. Осы мақсатта ағылшын тілін оқытатын орталықтар арасында конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша ең жоғары балл алған орталық «iStudy» ЖШС.             

Осыған байланысты 9 қаңтар 2018ж.  аталған оқу орнының мәжіліс залында «iStudy» ЖШС университет ғалымдарының, қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өткізді. Брифинг барысында ағылшын тілін оқытуға байланысты атқарылатын жұмыстар жөнінде (оқу кестесі, тіл оқытатын оқытушылар жөнінде мәлімет, оқу құралдары, әдістері) ақпарат берілді.

Жобаға сәйкес, белгіленген кесте бойынша ағылшын тілін оқыту сабақтары жүйелі түрде өткізіледін болады.

Астанада Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» бірлескен жобасын жүзеге асырудың 2018 жылғы қорытындысы жасалды.

«Өнімді инновациядарды ынталандыру» жобасы Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің келісімі шеңберінде 2016 жылғы 1-ші наурыздан бастап жүзеге асырылып келеді және 2020-шы жылға дейін жалғасады. Жоба құрамында бес компонент бар. Жобаның негізгі мақсаты – инфрақұрылым құру және еліміз үшін өзекті, жоғары сапалы зерттеулерді қолдау, сондай-ақ еліміздің инновациялық әлеуетін жоғарылатуға көмектесетін коммерцияландыру циклін біріктіріп, нығайту үшін әлемдік білім мен тәжірибені тиімді пайдалану.

Инновацияларға арналған база құру бойынша компонент шеңберінде аға және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына гранттар бөлінеді.

Жобаларды басқару тобының директоры Мұрат Сартбаев түсіндіргендей, бұл бағдарлама бойынша байқауға қатысуға 901 өтініш берілді. Қазіргі таңда 40 қосалқы жобалар жүзеге асырылуда, 1 жоба сәтті аяқталды.

«Біз жобалардан олар өндіріс құрып, алғашқы сатылымдарын іске қосуды талап етеміз. 41 жобаның 17-і алғашқы сатылымдарына қол жеткізді, сатылымдар көлемі 200 миллион теңгеден асады. Бүгінгі таңда 9 лицензиялық мәміле құрылды, олардың екеуі шамамен 5 және 15 миллион теңге көлемінде алғашқы табыстарын көрді», - деп түсіндірді Сартбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ұлттық патентке 18 өтініш берілген, еуразиялық патентке – 4, сондай-ақ халықаралық РСТ-өтінім берілді.

«Өндірістік консорциумдар құру» компоненті екі бағыт бойынша қызмет етеді: өндірістік сектор консорциумдары және инклюзивті инновациялар консорциумдары. Өндірістік сектор бойынша 2017 жылдан бастап 3 жоба іріктеліп, жүзеге асырылуда. Бұл ретте бизнес тарапынан бірлесіп қаржыландырудың орташа сомасы  48% құрады. 2018 жылы да 3 жоба іріктелді. Осы жолы бизнес тарапынан бірлесіп қаржыландырудың орташа сомасы  38% құрады.  

Инклюзивті инновациялар бойынша бағытты жүзеге асыру 2018 жылғы қазаннан басталды.

«Инклюзивті инновациялар – ол тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға көмектесетін, сонымен қатар тұрақты коммерциялық әлеуеті бар кез-келген инновациялар. Бұл инновациялар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, білім беру және т.б. секілді түрлі салаларда енгізіледі. Байқау 14-ші желтоқсанда аяқталды, шамамен 95 өтініш жіберілді. 2019 жылы халықаралық комиссия осы бағдарлама бойынша жеңімпаздарды іріктейтін болады», - дейді 2 компонент менеджері Дархан Сейтқазин.  

Сонымен қатар 2017 жылы конкурстық іріктеуден соң ЖОО жанынан 10 технологияларды коммерцияландыру кеңселері (ТКК) анықталды және ғалымдар мен кеңсе қызметкерлерін ағылшын тіліне, коммерцияландыру негіздеріне оқыту, академиялық хат жазу және шет елдерден халықаралық гранттар іздестіру бойынша тренингтер өткізілді.

2018 ж. 22 және 24 желтоқсанда ҚР БҒМ Ғылым комитеті мен Жобаларды басқару тобы қызметкерлері үшін «Әлеуметтік желілерде және Интернет кеңістікте жұмыс істеудің негізгі бағыттары. Жеке бренд» және «Мемлекеттік және квазимемлекеттік жобалар коммуникациялары» тақырыбында семинарлар өткізілді.

Семинарларды шақырылған тренерлер  Федоров, Я. И. және Джалдинов А. М. өткізді.

Семинардың бірінші күні әлеуметтік желілер мен интернет кеңістікте жұмыс істеу кезінде жеке брендті құру және ілгерілету, оның ішінде жаңа әдістерді қолдану үшін қолданылатын құралдар мен техникалар қарастырылды, мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік желілеріндегі ресми сайттар мен беттердің интернет үлгілері мен жеке беттер талқыланды.

Екіншіден, мемлекеттік және квазимемлекеттік жобаларда коммуникацияларды құру кезінде қолданылатын әдістер сипатталды және көрсетілді, атап айтқанда дағдарысқа қарсы коммуникацияларды құру кезіндегі жұмыс тетіктері баяндалып, PR-қызметтің құқықтық алаңы толық талқыланды.

Семинар соңында барлық қатысушылар жоғарыда көрсетілген семинарлардан өткендігі туралы сертификаттар алды.

Семинарларға 30-дан астам адам қатысты, онда олар жеке тиімділікті, тайм-менеджментті, коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық дағдыларын, тиімді презентация өткізу және т.б. дағдыларды арттырудың әр түрлі әдістерімен танысты.

Төрт күн ішінде сертификатталған бизнес-жаттықтырушы, бизнесті дамыту жөніндегі консультант, MBA Қайсар Мақанның басшылығымен семинар қатысушылары теориялық негіздермен танысып қана қоймай, сонымен қатар практикалық тапсырмаларды орындады.

- Маған команданы құру, команданың жұмыс істеуі тақырыбына көп уақыт бөлгеніміз өте ұнады. Мен үшін ең басты нәтиже, біз төрт күн бұрын таныс емес адамдармен тіл табысып, бір-біріміз туралы көп нәрсе үйрендік, - дейді грант алушы Темірхан Жаңабергенов.

Семинарға грант алушылар ғана емес, сонымен қатар Дүниежүзілік банк, Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес өкілдері де қатысты.

- Бұл тренинг есте қаларлықтай болды. Мен өзім үшін көп жаңа нәрсе үйрендім. Біраз қателерді түзету, басымдықтарды ажыратып, бүгін үйренген ережелер бойынша жұмыс жасау қажет, - деп грант алушы Азамат Рахымбеков өз ойымен бөлісті.

Семинарға қатысушылар шақырылған тренердің біліктілігін, жайлы орта, қызықты тапсырмалар мен пайдалы білім алғандарын атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.

"Инклюзивтік инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасын түсіндіру және жариялау бойынша жұмыстарды жүргізу шеңберінде 2018 жыл 09-27 қараша аралығында Қарағанды, Алматы, Түркістан, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Орал, Ақтөбе және Петропавл қалаларында семинарлар өткізілді.

Семинарға ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері шақырылды. Сонымен қатар, семинарларға облыстық әкімдіктер, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері қатысты.

Семинар барысында гранттық бағдарлама туралы баяндалды, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар түсіндірілді, сондай-ақ сұрақтарға жауаптар берілді.

14-15 қарашада Алматы қаласында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, Алматы Менеджмент Университетінің базасында және Impact Hub кеңістігінде семинарлар өткізілді.

16 қарашада А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында семинар өтті.

17 қарашада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында семинар өтті.

19 қарашада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында семинар өтті.

20 қарашада С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында семинар өтті.

2018 жылы 22 қарашада М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде семинар өтті.

2018 жылдың 23 қарашасында Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы базасында семинар өтті.

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: