Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - ҚР ЦДИАӨМ) Жобаны іске асыру бойынша Атқарушы агенттік болып табылады. ЦДИАӨМ Жобаны жалпы іске асыру үшін жауапты болып табылады және Жобаны Басқарушы комитет арқылы Жобаның негізгі іс-шараларының іске асырылуына стратегиялық қадағалауды жүргізеді.

Жобаны Басқарушы комитет (ЖБК) Жобаның ұйымдасқан іске асырылуын қамтамасыз ету үшін құрылған. ЖБТ Жобаны іске асыруға көмек көрсететін негізгі ұйымдардың мүшелерінен құралған ЖБК-ның жалпы басшылығымен жұмыс істейді.

ЖБК-ның функциялары мен құрамы ЦДИАӨМ Министрінің тиісті Бұйрығымен бекітіледі. ЦДИАӨМ-ның функциялары, басқаларымен қатар, мыналарды қамтиды:

1) Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықты, Жобаның жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын, бюджет және сатып алу жоспарларын бекіту;

2) мониторинг индикаторлары негізінде Жобаның іске асырылуына талдау жүргізу және бағалау, Жобаның прогресін анықтау және оның мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін ЦДИАӨМ-ның қарастыруына түзету жөнінде ұсыныстар беру үшін Жобаның мониторингтеу және бағалау бойынша мәліметтерді тұрақты түрде қарастыру;

3) Жобаны іске асыру барысын қарастыру, инновациялар саласындағы реформалардың іске асуын монитрингтеу және Жұмыс органы әзірлеген ақпарат негізінде Жобаны іске асыру бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдау;

4) Жобаны іске асыру процесін, сондай-ақ ведомствоаралық координация және Жобаны іске асыру жөнінде мәселелерді келісуді нығайту;

5) ЦДИАӨМ-ға Жобаны іске асыру бойынша стратегиялық басшылық көрсету. ЖБК құрамына, басқаларды қосқанда, Жобаны іске асыруға басшылық ететін ЦДИАӨМ вице-министрінің жетекшілігімен ЦДИАӨМ ЦДИАӨМ Қаржы департаментінің, ЦДИАӨМ Заң департаментінің өкілдері, ЖБТ Директоры кіруі тиіс.

Жобаның Жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті (ИЭҒТДД) ЖБК шешімдерін орындау және бақылау бойынша жұмыс органы болып табылады, сондай-ақ Жобаны іске асыру кезінде жиналған тиісті тәжірибе мен нәтижелердің ҚР ҰИЖ-да таралуын қамтамасыз ету үшін Жобаның операциялық және қаржылық басқару үшін жауапты болады.