Ғылым және коммерцияландыру жөнінде халықаралық кеңес (ҒКХК) Жобаны іске асыруға қатысты барлық ғылыми мәселелер жөнінде әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді, оның ішінде 1-бөлік шеңберінде АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасы, постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтеріне қолдау гранттары шеңберінде өтінімдерді іріктеу, және 2-бөліктің гранттық бағдарламасы шеңберінде өндірістік сектор консорциумдары мен инклюзивті инновациялар консорциумдары үшін грант алушыларды іріктеуде ұсынымдар береді, сондай-ақ гранттық бағдарламалардың кіші жобаларының ғылыми прогресі мен жетістіктеріне мониторинг жүргізеді. ҒКХК-ның құқықтары, функциялары мен міндеттері Дүниежүзілік банк үшін қабылдарлық шарттарда әзірленген және ЖІН ажырамас бөлігі болып табылатын ҒКХК жөнінде ережеде анықталады.

ҒКХК 5-тен 9-ға дейін сарапшылардан тұрады, оның ішінде:

ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау бойынша жобаларды басқару және гранттық бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі бар, халықаралық тәжірибе бар үш (3) халықаралық ғалым, екі (2) венчурлік капитал/технологияларды коммерциализациялау бойынша халықаралық сарапшы, бір (1) технологиялық консорциумдарды құру жөніндегі халықаралық сарапшы, бір (1) инклюзивті (әлеуметтік) инновациялар бойынша халықаралық сарапшы және екі (2) коммерциаландыру/инновациялық консорциумдар бойынша ұлттық (және/немесе шетелдегі қазақстандық диаспораның) ғалым/сарапшыдан. Үміткерлерге арналған толық критерийлерді Атқарушы агенттік іріктеу басталғанға дейін Дүниежүзілік банк қабылдайтын шарттарда әзірлейді.

ҒКХК мүшелерін іріктеу

ҒКХК мүшелерін іріктеуді Дүниежүзілік банкпен біргелікте БҒМ жүргізеді. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары білікті ғалымдарды тартуға мүмкіндік береді және іріктеудің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

БҒМ сарапшылардың-әлеуетті ҒКХК мүшелерінің пулын құрады. Дүниежүзілік Банк БҒМ-ға ҒКХК кандидаттарын іздесуге көмек көрсетеді. ҒКХК мүшелігіне негізгі үміткерлер қатарында танымал халықаралық ғылыми ұйымдар ұсынған ғалымдар немесе венчурлық капитал және/немесе технологияны коммерцияландыру саласындағы көрнекті мамандар болады деп күтілуде. Тізімге Еуропаның, Солтүстік Америка және Азияның технологиялық дамыған бірқатар елдеінен ғалымдар қамтылатын болады.

БҒМ ЖБК қысқы тізімдегі кандидаттардың анкеталарын қарастырған соң, үш (3) шетелдік ғалым, венчурлық капитал/технологияны коммерцияландыру жөнінде екі (2) шетелдік сарапшы, технологиялық консорциумды құру жөнінде бір (1) халықаралық сарапшы, инклюзивті (әлеуметтік) инновацялар жөнінде бір (1) халықаралық сарапшы, екі (2) ұлттық сарапшыны таңдап, кандидаттардың қысқа тізімін және барлық тиісті материалдарды Дүниежүзілік банкке жібереді, ҒКХК үшелерінің ғылыми тәжірибесінің саласы қайталанбауы тиіс.

ҒКХК мүшелерінің бос қызмет орындарына немесе ҒКХК мүшесімен келісімшартты бұзу жағдайында, кандидаттарды ҚР ЦДИАӨМ ИЭҒТДД жоғарыда аталған кандидаттар пулынан іріктейді. Бұл тізімді толықтыруға болады және міндетті түрде Днежүзілік банктің келісімі қажет.

ҒКХК жөніндегі ереже жүктеу

ҒКХК жөніндегі ережені бекіту туралы бұйрық жүктеу