Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру аясында 4 Компонент «Ұлттық Инновациялық Жүйені үйлестіруді күшейту; Бұрыннан бар институционалдық құрылымдардың әлеуетін ұлғайту» шеңберінде Инновациялық обсерваторияны құру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша консультантты іріктеп алуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа Ұлттық Инновациялық Жүйені үйлестірумен байланысты мемлекеттік және тәуелсіз талдау орталықтарын құру және қалыптастыру бойынша сарапшылар қатыса алады.

Өтінімдерді ағылшын тілінде 2017 жылдың 1 ақпанына дейін (Астана уақыты бойынша 18 сағат 00 минут) электронды түрде мына электронды мекен-жайға: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. жіберу қажет.

Біліктілік талаптары (техникалық тапсырма) және конкурс туралы толық ақпаратты Ғылым комитеті сайтынан: www.sc.edu.gov.kz және Жобаның сайтынан www.fpip.kz алуға болады.

Техникалық тапсырма. Жүктеп алу үшін басыңыз.

Конкурс аяқталды.